+7 (727) 267-28-83

жакыпжан19 ақпан күні ҚР Ұлттық кітапханасының Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын суреттеген және мол дерекке сүйене отырып, ақиық ақынның замандастарын әдеби кейіпкерге айналдырған журналист, ҚР мәдениет қайраткері Жақыпжан Нұрғожаевтың «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет Қабделхалықұлы ашып,  тұсаукесерді әрі қарай модератор, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделханұлы жүргізді.

Іс-шарада қоғам қайраткері С.Белғожаев, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Б.Нұржекеұлы, «Президент және халық» газетінің бас редакторы, профессор М.Тоқашбаев, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қ. Қайранбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Наймантаев және т.б. сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шара барысында әнші Серік Сүйіндік «Арнау» айтып, Мәдениет саласының үздігі Еркін Рахымжан Мұқағалидың әндерін орындады.

Іс-шараны журналист, ҚР мәдениет қайраткері Жақыпжан Нұрғожаев өзі қорытындылады.

Шара қонақтары мен қатысушыларының назарына ҚР Ұлттық кітапханасының  қорынан ақиық ақын М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

бакыт   белгожаев
жакыпжан1   жакыпжан2