+7 (727) 267-28-83

1 наурыз фото

Ораз Жандосов атындағы оқу залында Қазақстандағы Алғыс айту күніне орай «Рахмет саған, Ұлы дала елі!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1 наурызда Қазақстан Алғыс күнін атап өтеді. Биыл ол республика тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне байланысты ерекше есте қалады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өзінің тарихын  жаңа беттерден бастады.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды жаңа мереке «Алғыс айту күні» деп жариялаған еді.

Алғыс айту күні - бұл қуғын-сүргін және депортация жылдарындағы біздің халқымыз көрсеткендей бірлік пен достықтың, бір-біріне деген құрмет, адамгершілік пен мейірімділік көрініс табатын рухани дәстүрлердің күні. Столыпин реформалары кезінде көптеген этностар қазақ жеріне жер аударылды. Әр түрлі ұлт өкілдері вагондардан тікелей жалаңаш далаға түсірілді, ал өздері мұқтаж болғандарына қарамастан  қазақ отбасылары оларды үйлеріне орналастырды.

Мереке қазақстандық патриотизмнің, достықтың, мәдени көптүрліліктің   ұлы күні болды. Қазақстанда өмір сүріп жатқан жүз отыздан астам этностың әрқайсысының өзіндік бірегей ерекшелігі бар және ол біздің біртұтас ұлтымыздың теңдессіз артықшылығын көрсетеді. Қазақстанда тәуелсіздік жылдары бірде-бір халық өз тілін жоғалтқан жоқ. Біз барлық этностық топтар үшін мәдениетті мұқият сақтаймыз және дамытуға барлық мүмкіндіктерді жасаймыз. Қазақстан ұлттық қақтығыстардан ада аумаққа айналды. Этносаралық тыныштық пен үйлесімділіктің арқасында экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар табысты өтті.

Мерекенің мақсаты – өскелең ұрпақты төзімділікке, достыққа, бір-біріне құрметпен қарауға, сондай-ақ этносаралық келісім мен этникалық байланыстырды нығайтуға тәрбиелеу.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Рахмет саған, Ұлы дала елі!» атты кітап көрмесінде түрлі ұлттардың тарихын, депортациясы мен қазіргі өмірін, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін және өнерін ашып көрсететін қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптары мен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалаларының көшірмелері кеңінен ұсынылған.

             Кітап көрмесіне шақырамыз!