26 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасында ұлы ақын, композитор Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтті.
Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.⠀
Кешті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ бас директоры, белгілі актер Есеналиев Байғали жүргізді.
Музыкалық-поэзиялық кештің мақсаты – ақынның поэзиялық мұрасын жаңғырту, оның шығармашылығын кеңінен насихаттау және дәріптеу, онымен жастарды таныстыру.
Іс-шараға белгілі қоғам қайраткері, жазушы, жамбылтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбек Қапалбекұлы; профессор, филология ғылымдарының докторы Тебегенов Темірхан; профессор, филология ғылымдарының кандидаты Айбергенова Салтанат; композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері, «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ-ның төрағасы Қыдырбек Балнұр; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алжамбаев Шаяхмет; композитор Сетеков Хабиболла; сценарист, Жамбыл халықаралық сыйлығының лауреаты Шормақов Бақытжан және т. б. қатысты.
Музыкалық-поэзиялық кеш аясында Өнер бөлімінің, Әлем әдебиеті қызметінің, Ораз Жандосов атындағы «Қазақстан кітаптары» оқу залдарында, сондай-ақ Мерзімді басылымдар залында ұлы ақын, суырып салма өнерінің классигі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, оның шығармалары мен ол туралы әдебиеттер ұсынылды.
Іс-шараға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері, оқырмандар және т. б. қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |