+7 (727) 267-28-83

ИМБ

12 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасымен келісім аясында Шығыс Еуропа бойынша Ресей ИФЛА/ПАК орталығы мамандарымен «Мәрмәр қағаз дайындау» шеберлік сыныбы өтті.

 

Мәрмәр қағазын жасау ежелгі Персияда пайда болған ежелгі сәндік өнер болып саналады. Бұл техниканың тағы бір атауы бар - Эбру (түрікше), немесе бояулармен суға сурет салу. Ерекше танымалдылығы және шебер дайындаудың жоғары деңгейілігі Жапония мен Францияда болды. Осындай әдіспен жасалған қағаздар кітаптардың алдыңғы парақтары үшін қолданылады.

Тәжірибелік сабақтарды өткізу деректі кітап мұрасын қалпына келтірумен айналысатын Қазақстандағы қалпына келтірушілер тобының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіби байланыстардың өсуіне және халықаралық білімнің алмасуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жұмыс істейтін Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК  сақтау және консервациялау аймақтық орталығы Орталық Азиядағы бағалы қағаз көздерін сақтайтын кітапханалармен және ұйымдармен ақпарат алмасуға жәрдемдеседі және белсенді түрде ынтымақтасады.

Шеберлік сыныбына  Ресей, Қазақстан және Өзбекстан кітапханалары, мұражайлары мен мұрағаттарынан қалпына келтіруші мамандар қатысты.

ИМБ1