+7 (727) 267-28-83

ifla

25 наурызда  ҚР Ұлттық кітапханасының  қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі, Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК  аймақтық  орталығының  үйлестірушісі, х.ғ.к.  Б.Ш. Сәрсенбаева және аталған қызмет мамандары коммуникацияны жақсарту және деректі мәдени мұраның маңыздылығын арттыру, сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды кеңейту жолдары қаралған, тұрақты комитет мүшелерімен және ИФЛА Штаб-пәтерінің серіктестерімен бірге аймақтық PAC-орталықтары директорларының онлайн-отырысына қатысты.

ИФЛА ақпаратты ретке келтіріп, деректі мәдени мұраның макетін нақтылау арқылы мәдени мұра веб-парағын қайта қарады, сонымен қатар қақтығыс аймақтарындағы мұраны қорғау жөніндегі халықаралық альянс (ALIPH) құрып кету қаупі төнген немесе қақтығыстардан туындаған абайсыздықтан зардап шеккен мұраны қорғауға қатысты жобалар байқауын ашты. Бұл жобалар байқауы 2021 жылғы 12 ақпаннан 16 сәуірі не  дейін  ашық. Нақты жобаларға шығындарды  бағалау, қалпына келтіру жоспарлары, төтенше жағдайларды тұрақтандыру, қалпына келтіру жұмыстары, әлеуетті арттыру, хабардар ету және апаттар қаупін азайту  жөніндегі іс-шаралар кіруі мүмкін.

Бұл мәдени құжаттық мұраны сақтауға бағытталған күш-жігердің бір бөлігі ғана екендігі атап өтілді. *Мәдени мұраны қорғау* бағыттары бойынша  толығырақ  *Мәдени мұраны қорғау; *Сақтау мен қолжетімділікті қолдау; *Мәдени мұра бойынша комитеттер мен топтар; www.ifla.org. сайтынан танысуға болады.

Сондай-ақ мәдени мұра жөніндегі кеңестік комитет аймақтық орталықтарды ИФЛА тәуекелдер тіркелімі бойынша құжаттармен жұмыс істеу үшін кандидатуралар ұсынуға шақырады.

ИФЛА Штаб-пәтері көптеген еріктілермен, тұрақты комитет мүшелерімен және барлық мүмкіндікті жасайтын серіктестермен бірге мәдени мұра жұмыстарын кеңейту туралы ұсынысты асыға күтеді.

ifla7   ifla1   ifla2
ifla3   ifla4
ifla5   ifla6

 

Сайтта

Қазір сайтта 490 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.