3 маусымда Қазақстандық Кітапханалық Одақ отырысының жұмыс бағдарламасына сәйкес Қазақстанның облыстық кітапханаларының директорлары мен мамандары Алматы қаласындағы ОКЖ заманауи үлгісіндегі Alatau Creative Hub орталығына, Қазақстан жазушылар кітапханасына, Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына, № 33 балалар кітапханасына экскурсия жасап, жұмыстарымен танысты.