25 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ.Оспанованың қатысуымен Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерімен онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында Б.Қ.Оспанова республикадағы кітапхана ісінің жағдайы мен ҚР Ұлттық кітапханасының даму болашағы туралы баяндап, нормативтік-құқықтық құжаттар және авторлық құқық мәселелері, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттырудың жолдары, Қазақстандық Кітапханалық Одақ жұмысы туралы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап берді.
Онлайн іс-шараға Қарағанды қаласының 100-ге жуық кітапханашысы қатысты. Қарағанды қалалық ОКЖ директоры Г.К.Ахметкаримова өзінің ұжымы атынан Б.Қ.Оспановаға алғысын білдіріп, ҚР Ұлттық кітапханасының алдағы жұмысына табыс тіледі.