+7 (727) 267-28-83

ЖТ

15 қазан, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жас тұлпар»  ұйымының құрылу тарихына арналған «ЖАС ТҰЛПАР» атты кітап және сурет көрмелерінің ашылуы өтті.

«Жас тұлпар» қозғалысы елінің ертеңіне алаңдаған 1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдасуымен өмірге келген заңды құбылыс. Орны толмастай болып үңірейіп қалған тарихи олқылықты толықтыруға ұмтылып, ұлттық идея көрінісін Алаш идеясынан іздеген жастұлпарлықтар қазақтың жаңа өмір сүру философиясын қалыптастырушы күшке айналды. Қазақта көзі ашық, көкірегі ояу жастардың әлі де бар екенін, рухы өшпейтінін және өзіміздің ел екенімізді, өз тегіне үңілетін тамыры бар тұтас ұлт екендігімізді дәлелдей алды. Алаш зиялылары мен жастұлпарлықтардың ортақ бір қасиеті - Ұлы рухтан шыққан жүректерінің түпкіріндегі армандары қазақ ұлтының бақытты болашағына сенімі.

Қазіргі таңда ұйым мүшелері – белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, академиктер, жазушылар, суретшілер, архитекторлар және т.б. тұлғалар еліміздің дамуына үлес қосып жүр.

Бүгінде «Жас тұлпар» ұйымының жалғастырушылары болып табылатын Ресейде қазақстандық студенттер білім алуда.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан материалдар және «Жас тұлпар» ұйымының архивтік суреттері ұсынылды.

Көрменнің лента кесу рәсіміне қатысқандар: Мұрат Мұхтарұлы, Марат Қатайұлы, Жәмила Ыдырысқызы.

Келген қонақтар мен зиялы қауым өкілдерін Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Құрмет Қарабаев «ЖАС ТҰЛПАР» атты кітап және сурет көрмесімен таныстырды.

Дөңгелек үстелді белгілі журналист, «Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы судиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Шараға қатысушылар «Жас тұлпар» ұйымының дүниеден өткен мүшелерін бір минут еске алды. 

Алғашқы сөз «Жас тұлпар»  ұйымын ұйымдастырушылардың бірі, белгілі мәдениеттанушы, қоғам және мемлекет қайраткері Мұрат Мұхтарұлына беріліп, әрі қарай Қалдыгүл Жаныбаеваға, Нұржан Күнімжанға және Ольга Зоринаға «Жас тұлпар» ұйымының куәлігі табысталды.

Сөз сөйлеген қонақтар: Жеміс Тұрмағамбетова, Жәмила Намазбаева, Марат Сембин, Хадиша Балтабаева, Аухадиева, Әсия Мұхамбетова, Жәмила Аухадиева, Сара Тыныштығұлова, Бибіайша Калауова және т.б

Шара аясында Қанат Амирханов «Жас тұлпар» әнін орындады.

Қатысушылар: «Жас тұлпар» ұйымының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер, БАҚ өкілдері және т.б.

ЖТ1   ЖТ2   ЖТ3   ЖТ4
ЖТ5   ЖТ6   ЖТ7   ЖТ8