+7 (727) 267-28-83

Пак129 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Пәкістан делегациясы: Пәкістан Бірлескен штабының сыртқы әскери ынтымақтастық жөніндегі директоры, генерал-майор Маджид Джахангир; Пәкістан Қазақстан Республикасындағы елшілігінің әскери атташесі, бригадир генерал Ясир Науаз, Қорғаныс атташесі; Пәкістан Біріккен штабы сыртқы әскери ынтымақтастық жөніндегі директорының орынбасары полковник Фаррух Аслам; Пәкістан Бас штабы сыртқы әскери ынтымақтастық мәселелері жөніндегі директорының орынбасары полковник Шираз Хадим, майор Наоман Назир, Пәкістан Біріккен штабының шетелдік әскери ынтымақтастық жөніндегі штаб-офицері; Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Елшілігі жанындағы сауда және инвестициялар жөніндегі кеңесші Мұхаммад Фарух мырза жұмыс сапармен келді.

2007 жылғы 27 наурызда Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі мен ҚР Ұлттық кітапханасы арасында Пәкістанды зерделеу орталығын ашу туралы келісімге қол қойылды. 2021 жылдың басында Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі бөлген қаражатқа Пәкістанның кітап бұрышы жаңартылып, жаңа әдебиеттермен, заманауи жиһаздармен, жабдықтармен және ақпараттық терминалмен жабдықталды. ҚР Ұлттық кітапханасына білім мен ғылымның түрлі салалары бойынша әдебиеттер сыйға берілді.

Сапар барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен келелі әңгіме болып, онда бұрыштың одан әрі ынтымақтастығы мен қызметі жайлы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қонақтар үшін кітапхана залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

Пак2   Пак3
Пак4   Пак5   Пак6