+7 (727) 267-28-83

ТА

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында қазақтың танымал ақын қызы, Қазақ КСР халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Тұрсынхан Абдрахманованың туғанына 100 жыл толуына  арналған «Сан қырлы қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада Семей облысы  Жарма ауданының Бөке ауылында  дүниеге келген. Еңбек жолын 1941 жылы мұғалім, кейін мектеп директоры болып бастады. Кейіннен бірнеше жылдар комсомолдық және партиялық қызметте болды.

1959 жылы Т. Әбдірахманова С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1962 жылы аспирантураны бітірген. Ол «Ілияс Жансүгіровтің лирикасы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады, 1981 жылы «Қ. Аманжолов поэтикасы және оның қазіргі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Министрлер Кеңесінің Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президиумында қызмет атқарды. «Құрмет белгісі» орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен және грамоталармен марапатталған. Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қаз КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен қазақ әдебиетін дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақ КСР халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

Т.Әбдірахманова 1950 жылдардың ортасында қазақ әдебиетіне келіп, өзін талантты, төл ақын ретінде көрсетті. Қазақ және орыс тілдеріндегі жиырмадан астам өлеңдер жинағының авторы. «Ән» атты алғашқы өлеңдер кітабы 1959 жылы жарық көрді. Оның поэзиясы әйелді өмірге деген таусылмайтын махаббат, жан сәулесі мен үлкен еңбекқорлық әлеміне енгізеді. Оның ақындық шығармашылығының маңызды бөлігі - пейзаж лирикасы, оның туған табиғатын суреттеу.

Т.Әбдірахманова аудармашы қызметін де атқарды. Ол М. Стелмахтың «Кровь людская – не водица» романы мен Евгений Юнганың «Бессмертный корабль» әңгімесін қазақ тіліне аударды. Қазақ радиосының алтын қорына Т.Әбдірахманованың орындауындағы елуге жуық халықтық және заманауи әндер жазылған.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорында Т.Әбдірахманованың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы 200-ге жуық материалдар сақталған: ғылыми монографиялар мен мақалалар, өлеңдер жинағы, аудармалар, жазбалар мен очерктер әр жылдары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған. Кітап көрмесінің мақсаты – Қазақстанның халық жазушысы Т.Әбдірахманованың өмірі мен шығармашылық қызметін таныстыру, сонымен қатар оқырман назарын белгілі тұлғаға аудару.

«Сан қырлы қаламгер» кітап көрмесінде Т.Әбдірахманованың өмірі туралы материалдар: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар мен ол туралы әдебиеттер ұсынылған. Сонымен қатар мұнда оның ғылыми қызметі туралы материалдар бар. Т.Әбдірахманова екі ірі монографияның авторы: «Ілияс Жансүгіровтің лирикасы» және «Қасым Аманжоловтың поэтикасы». Қазақстан Ғылым академиясының «Ғылым» баспасынан шығарылған қазақ әдебиеттануындағы үлкен ұжымдық шығармалардың, ғылыми және сыни мақалалардың қосалқы авторы.

Әрі қарай, көрме оқырманды Т.Әбдірахманованың шығармашылығымен таныстырады: «Песня» (1959), «Әннен әнге» (1962), «Танисыз ба бұларды?» (1963), «Взлет» (1966), «Көгершін көңіл» (1968), «Белый луч» (1971), «Кілт» (1972), «Кемел» (1974), «Нежность» (1975), «Ларец жемчужин» (1975) және оның аудармасы.  Ақынның ең жақсы өлеңдері мен поэмалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

    Кітап көрмесіне шақырамыз!

көрме ТА   көрме ТА1

 

Сайтта

Қазір сайтта 443 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.