+7 (727) 267-28-83

ЕБ

1 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда «Түрік және қазақстандық кинематограф ынтымақтастығының өзектілігі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қатысушылар ынтымақтастық бағытын талқылауға және анықтауға, Қазақстан мен Түркияның кино саласы мамандарымен тәжірибе алмасуға жиналды.

Кездесуді белгілі актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстандық авторлары қоғамының бас директоры Есеналиев Байғали Мақұлбекұлы жүргізді.

«Еуразиялық құқық иелері қоғамы конфедерациясының» бас директоры, Әзірбайжан авторлық қоғамының төрағасы Исмаил Маммадкаримов сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қазақстандық актерлер: Жұмағали Маханов, Ұлан Үсіпәлі, Бақыт Тушаев, Камалия Байтлеева, режиссерлер мен продюсерлер Бақыт Сүлеймен, Сәкен Белгібаев, Дархан Қожахан және т.б. қатысты.

ЕБ1   ЕБ2
ЕБ3   ЕБ4