+7 (727) 267-28-83

ҚРадиолары

2 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақ радиосында 30 жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан радиожурналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС қызметкері Оңғар Құралдың «Біз қалай сөйлейміз?» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапта Оңғар Құралдың 2002-2005 жылдары Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосында өткен «Біз қалай сөйлейміз?» атты авторлық бағдарламасының мәтіндік нұсқасы топтастырылған.

Жинаққа енгізілген бірнеше аудиохабардың мәтіндік нұсқасында тіл тазалығы, дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу, терминдер мен ұғымдардың аудармасы туралы сөз болады.

Сондай-ақ, сөз тіркестерін орнымен қолдану, күнделікті айтып жүрген сөздеріміздің дұрысы қайсы, бұрысы қайсы, міне осы жайлар және туған тілімізге қатысты өзге де көкейкесті мәселелер кітаптың өн бойында түрлі авторлардың пікірлерімен талданып, тұщымды ойларымен дәйектеледі.

Кітап жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне, мектеп оқушыларына, оқытушылар мен мұғалімдерге, әсіресе, қолына қалам ұстаған журналистер қауымына аса қажетті көмекші құрал болмақ. Сонымен қатар, бұл еңбек тіл тағдырына бейжай қарамайтын, ана тілін ардақ тұтатын және сауатты сөйлеуге ұмтылып, өз тілін түзегісі келетін жалпы оқырман қауымға арналады.

Іс-шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет Қабділхалықұлы ашып, публицист, Қазақстан Педагогикалық ғылым академия-сының академигі, профессор Марат Байділдәұлы Тоқашбаев жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Жұмабай Шаштайұлы, Байынқол Қалиев, Дариға Тұранқұлова, Аманжан Енсебайұлы.

Сөз сөйлеген қонақтар:  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Сыдықұлы Жұрынбаев, белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы, Филология ғылымдарының докторы, профессор  Байынқол Қалиев,Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері Дариға Тұранқұлова, академик Рәбиға Сыздықтың шәкірті, филология ғылымдарының докторы, профессор Орынай Жұбай, Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің жауапты қызметкері Құралай Күдеринова, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы - Осман Әлиқызы және т.б.

Іс-шара аясында әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақ» радиосының ардагері Алтын Иманбаева ән шашу және айтыскер ақын, «Мәдениет саласының үздігі», «Шалқар» радиосының жүргізуші-редакторы Талант Арғынғали   арнауын  тарту етті.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа кітап сыйға тартылды және  қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар,   студенттер, сондай-ақ БАҚ өкілдері және т.б.

ҚР1   ҚР2   ҚР3   ҚР4
ҚР5   ҚР6   ҚР7   ҚР9   ҚР8  

 

Сайтта

Қазір сайтта 490 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.