+7 (727) 267-28-83

Асанбаев

15 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай «Қарасай» ЖШС баспасының директоры Асанбаев Болатбек Әбікенұлы өз баспасынан жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі 170 дана кітапты сыйға тартты.

Сыйға берілген кітаптардың тақырыбы барлық білім саласын қамтиды және кітап қорын толықтыруға үлкен үлес қосып отыр. Солардың ішінен оқырмандардың жоғары сұранысына ие бірнеше кітаптарды атауға болады: «Классикалық механика. Есептер жинағы» С.Тамаев, Ж.М. Айдарбекова, «Жалпы физика» М.Құлбекұлы, «Экономикалық теория» М.Д.Исқалиев, «Травматология» О.Ә. Әбдіразақов және т.б. Бұл кітаптардың оқырмандарға беретін пайдасы мол.

ҚР Ұлттық кітапханасы «Қарасай» ЖШС баспасының директоры Болатбек Әбікенұлына зор алғысын білдіреді.   

Асанбаев Б   Асанбаев Б Ә

 

Сайтта

Қазір сайтта 464 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.