24 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары «БиблиоРоссика» электронды-кітапхана жүйесінің (Санкт-Петербург қ.) онлайн оқыту Вебинарына қатысты.
«БиблиоРоссика» электронды-кітапхана жүйесінің коммерциялық директоры Юрченко Наталья Михайловна жүйенің мүмкіндіктері мен ресурстары жайында таныстырып өтті. Электронды-кітапхана жүйесі зерттеушілер, оқытушылар мен студенттер қауымына арналған және жетекші ресейлік ғылыми баспалардан шыққан қоғамдық, техникалық, жаратылыстану ғылымдары бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерінің басылымдарын қамтиды. Сондай-ақ, ол қордың жаңа басылымдары мен көрсетілетін қызметтері туралы әңгімеледі.
Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық кітапханасында 2021 жылдың соңына дейін «БиблиоРоссика» электронды-кітапхана жүйесіне қолжетімділік тестілік режимінде ұсынылған.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап кітапхана «БиблиоРоссика» электронды-кітапхана жүйесіне қолжетімділік туралы бір жылдық келісім-шартқа қол қойды.
![]() |