+7 (727) 267-28-83

зверев«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан ғалым, жазушы-натуралист, Қазақстанның Халық жазушысы Максим Дмитриевич Зверевтің туғанына 125 жыл толуына орай "Природы неусыпный часовой" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Максим Дмитриевич Зверев 1896 жылы 29 қарашада Сібірдегі Барнаул қаласында дүниеге келген. 1925 жылы Томск мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін Сібір өсімдіктерді қорғау институтына жіберіліп, онда шамамен 25 жыл жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысына қатысушы.

М.Зверев – аймақтық ауылшаруашылық териологиясы – зиянды сүтқоректілердің биологиясы және олармен күрес туралы ғылымның негізін қалаушы. Ол көптеген ғылыми экспедициялардың қатысушысы болды, далада өз бетімен бақылаулар жүргізді, ғылыми жұмыстар, монографиялар, кітаптар жазды. Жиырма бес жыл ішінде зоолог-ғалым 100-ден астам ғылыми еңбектер, 22 ғылыми-танымдық сипаттағы кітаптар шығарды. Халық шаруашылығында тәжірибелік маңызы бар ғылыми жұмыстар оны танымал этнологтардың қатарына қосты. Ол Новосибирск зоологиялық бағын ұйымдастырды, кейіннен Сібірдегі ең ірі және әйгілі хайуанаттар бағының біріне айналды.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорында М.Зверевтің өмірі мен қызметі туралы 250-ден астам материалдар сақталған: оның ғылыми еңбектері, көркем шығармалары, аудармалары, жарияланымдары, жазбалары мен мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалары. «Природы неусыпный часовой» атты кітап көрмесі оқырмандарды жазушының өмірі мен қызметі туралы материалдармен таныстырады. Кітап көрмесінің мақсаты – Қазақстанның Халық жазушысы М.Зверевтің өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру, сондай-ақ оқырмандардың назарын белгілі тұлғаға аудару.

1937 жылы М.Зверев Алматы хайуанаттар бағын ұйымдастыру үшін Қазақстанға жіберілді. 1937-1952 жылдары – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, Алматы хайуанаттар бағының, кейінірек Алматы қорығының ғылыми бөлімі бойынша директордың орынбасары.

1952 жылдан бастап М. Зверев әдеби шығармашылықпен айналыса бастады. Жазушы шығармашылығының басым бөлігі Қазақстанның табиғатымен - оның рухани және жазушылық Отанымен байланысты. Қазақстандағы алғашқы жас ғалымдар станциясын құрып, кейін "Жас зерттеушілер" кітабы, жас жазушылар үшін "Лик земли" атты табиғи альманах пайда болды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы айта отырып, ол Қазақстан табиғатының шынайы энциклопедиясын жасады. Жазушының көптеген повесттері, әңгімелері, ертегілері мен очерктері бар: "Ақ марал" (1920), «В норах и гнездах» (1937), «Встречи в лесу» (1938), «Заповедник пестрых гор» (1946), «В прииртышских лесах и степях» (1950), «У лесного костра» (1952), «Золотая сайга» (1957), «Охотник из Кокпека» (1963), «Волк из пустыни» (1975) және т.б.

М. Зверевтің кітаптары С. Аксаков, Д. Лондон, Э. Сетон-Томпсон, П. Пришвин, В. Бианки және т. б. сияқты әлемге әйгілі жазушылардың кітаптарымен қатар тұрды. Жазушының ең үздік шығармалары қазақ, қырғыз, өзбек және басқа да көптеген КСРО, ГДР және Болгария халықтарының тілдеріне аударылған. 1956 жылы Алматы киностудиясы әнші-ақын және сценарист В.Ф. Шрейбергпен бірге М. Зверевтің сценарийі бойынша жазылған балаларға арналған Қазақстандағы тұңғыш түрлі-түсті "Крылатый подарок" фильмінің түсірілімін жүзеге асырды.

М.Зверев қазақ әдебиетін дамытудағы ерен еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен "Қазақ КСР Халық жазушысы" құрметті атағына ие болды (1987). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы және "Құрмет Белгісі" орденімен, Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін төрт медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!            

зверев1   зверев2

 

Сайтта

Қазір сайтта 411 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.