+7 (727) 267-28-83

Деп

25 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Н. Дәулетова залында 1986 жылғы  Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Бижанов Ахан Құсайынұлы жүргізді. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы дөңгелек үстелге қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың құттықтауын оқыды.

Дөңгелек үстелдің баяндамашылары: Шора Қарабаев, Бекқали Торғаев, Талғат Айтбайұлы, Рахман Алшанов, Шара Ергебаева, Хангелді Әбжанов, Нұрлыбек Қуаңбаев, Болат Құрымбаев, Нұрсұлтан Бекқайров, Талғат Рысқұлбек, Аманғазы Кәріпжан және т.б.  

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қорытындылады.

Қатысушылар: ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, желтоқсан оқиғасына қатысушылар, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының «Jas Otan» жастар қанаты және т. б.

деп1   деп2   деп3

 

Сайтта

Қазір сайтта 650 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.