+7 (727) 267-28-83

3011

30 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстанның Халық жазушысы Морис Давидович Симашконың (1924-2000) шығармашылығына арналған алғашқы халықаралық әдеби оқулардың материалдары бойынша онлайн және офлайн форматта «Морис Шамис (Симашко)» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы ашып, ҚР БҒМ М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының талдау және сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ананьева Светлана Викторовна жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Н. Искалиева, С. Ананьева, А. Барон.

Сөз сөйлеген қонақтар: Александр Барон, Әйгерім Сейсенбаева, Алимжан Хамраев, Адольф Арцишевский және т.б.

Қатысушылар: белгілі ақындар мен жазушылар, әдебиеттанушылар, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар, қазақстандық ЖОО гуманитарлық факультеттерінің студенттері және БАҚ.

30111   30112   30113
30114   30115   30116

 

Сайтта

Қазір сайтта 403 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.