+7 (727) 267-28-83

комплектования30

30 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Алматы қаласы Мәслихатының VII шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» ХДП Өңірлік даму жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы, «АЗМК» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Шардинов Шухрад Ахметжанұлы достық  сапармен келді. 

Сапар барысында Шухрад Ахметжанұлы Шардинов кітапхана қорына "Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 30 жылы. Независимость Казахстана: 30 лет мира, согласия и созидания. Independence of Kazakhstan: 30 Years of Peace, Concord and Creation" атты  үш тілді бірегей кітапты сыйға тартты.

Бұл кітап Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, біртұтас азаматтық қағидаты негізінде қазақстандық қоғамды дамыту арқылы елдің ортақ бірлігін, Мәңгілік Елдің жалпыұлттық құндылықтарын, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету арқылы нығайту жолдарын баяндайды. Кітапта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуындағы, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы көрнекті рөлі бейнеленген. Бұл кітап оқырманның игілігіне айналары сөзсіз.

комп30   комп3011

 

Сайтта

Қазір сайтта 727 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.