+7 (727) 267-28-83

ФС

2-3 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Н. Дәулетова атындағы залда «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын дайындау бойынша жұмыс тобының тәжірибелік семинары өтті.

Семинардың күн тәртібінде «Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясының алдын ала тізіміне ескерткіштерді енгізу үшін қатысушы нысандарды үйлестіру және критерийлерін анықтау мәселелері. Трансұлттық номинацияның алдын ала ұлттық тізімдерінің нысандарын талқылау. Трансұлттық номинациясын ілгерілету іс-қимыл жоспарын өзектендіру. Трансұлттық номинация нысандарының тізбесін бекіту. «Таңбалыдағы туризмді дамыту» жобасының тұсаукесері.

Құттықтау сөз сөйлегендер: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуалиев және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының өкілі Айгүл Халафова.

Семинардың модераторы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Сейдалиева Жанат Сейдалиқызы.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің, Тәжікстан Республикасы Мәдениет министрлігінің, Өзбекстан Республикасы ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының, Орталық Азия зерттеулер халықаралық институтының (МИСАИ, Өзбекстан) және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы жанындағы Дүниежүзілік мұра ұлттық комитетінің өкілдері.

ФС1   ФС2   ФС3
ФС4   ФС5

 

           

Сайтта

Қазір сайтта 649 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.