+7 (727) 267-28-83

ОНМ

14 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Отаным - нұрлы мекенім" атты мерекелік музыкалық-поэтикалық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың бойына азаматтық патриотизм негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының рәміздерін, халық дәстүрлерін құрметтеуге шақыру, Отанына, халқына, туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Музыкалық-поэтикалық кешті Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртісі, Қазақстан Республикасының әнұранын орындаған Мақсат Саматов ашты. Сонымен қатар, кеште Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әртістері, К.Бәйсейітова атындағы музыка мектебінің оқушылары, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер және Қазақстанның басқа да белгілі жас ақындары, Алматы қаласының мектеп-гимназияларының оқушылары, ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары өнер көрсетті.

Кешті Қазақ радиосының танымал жүргізушілері Гүлмира Нәлібай мен Ерасыл Мәмбетов жүргізді.

Іс-шараға ҚР БҰҰ жанындағы «Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Халықаралық комитет» қауымдастығы өкілдігінің президенті, генерал-майор Әбен Алдабергенұлы Нұрманов, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жауынгерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы, колледж студенттері мен Алматы қаласының оқушылары, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР БҰҰ жанындағы «Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Халықаралық комитет» қауымдастығы өкілдігінің президенті, генерал-майор Әбен Алдабергенұлы Нұрманов ҚР Ұлттық кітапханасының бірқатар қызметкерлері мен серіктестеріне төсбелгілер мен Құрмет грамоталарын табыстады.

ОНМ11   ОНМ1   ОНМ2
ОНМ3   ОНМ4   ОНМ5
ОНМ6   ОНМ7   ОНМ8