+7 (727) 267-28-83

111111

23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «КІТАПХАНА ІСІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ: МАЗМҰНЫ, ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ, ЦИФРЛАНДЫРЫЛУЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік online конференция болып өтті.

Конференция ұйымдастырушылары: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, «Кітапханатану және библиография»  кафедрасы.

Халықаралық конференцияның мақсаты: сапалы адами капиталды қалыптастыру тұжырымдамасын анықтау, мамандарды даярлаудың мазмұны мен ұйымдастыру мәселелерін талқылау, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, кәсіби кітапхана мамандарының болашақтағы қажеттілігін анықтау.

Конференцияда   ҚР Ұлттық кітапханасы Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.У.Сыдықжанова «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының электронды ресурстары», Сандық технологиялар қызметінің жетекшісі Ж.А.Әбенова «Современные технологии в формировании электронных коллекций Национальной библиотеки Республики Казахстан»   және Ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы, т.ғ.к. А.Л.Кривков «Статистика библиотечного дела в системе дуального образования. К постановке проблемы» тақырыптарында  баяндамалар  жасады.

Online конференцияға  қатысушылар – Ресей мен Қырғызстаннан келген кітапхана мамандары, И.С. Тургенев ат. Орлов мемлекеттік университеті мен И.Арабаев ат.Қырғыз мемлекеттік университетінің оқытушылары. Қазақстаннан кітапхана факультеттері мен кафедраларының оқытушылары, атап айтсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Аль-Фараби ат.Қазақ ұлттық университеті, Алматы менеджмент университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Қаскелең мәдениет колледжі, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлер.

1111111112