Бейсехулова Э.Қ.
Креативті кітапханашы. Кітапханадағы инновациялық әдістер: әдістемелік құрал / Э.Қ. Бейсехулова. – Алматы, 2021. – 47 б.
«Креативті кітапханашы. Кітапханадағы инновациялық әдістер»,-тақырыбын көтерген әдістемелік құрал кітапханашылар үшін таптырмас көмекші құрал. Креативті кітапханашы болудың жолдары ұсынылған әдістемелік құралда заманауи пайдалы кеңестер айтылады.
Жаңашыл идеялар жазылған еңбекте кітапхана жұмысының қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін оңтайлы шешудің жолдары көрсетілген. АКТ-ның кітапхана жұмысында пайдалануға болатын тиімді платформаларын ұсынады. Қолданылатын платформалардың нақты тиімділігі көрсетіліп, дәлелдер арқылы анық көрініс табады.
Қазақстан кітапханалары – 2020 жыл. Мәліметтер мен сандар: Ақпараттық-сараптамалық шолу = Библиотеки Казахстана – 2020 год. Факты и цифры: Информационно-аналитический обзор / ҚР Ұлттық кітапханасы; бас ред. Б.Қ. Оспанова; ред. алқа: Б.Ж. Жүнісбеков, Г.А. Маханбетова; құраст.: А.Л. Кривков, Г.Т. Рахимжанова, Г.Т. Ауғанбаева Р.М. Күздеубаева – Алматы, 2021. – 191 б.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметі дайындаған «Қазақстан кітапханалары – 2020 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуы ҚР кітапхана ісінің салыстырмалы-статистикалық зерттеулерін қамтиды.
«Шолудың» негізін бес ведомство кітапханаларының (үш министрлік және екі акционерлік қоғам) жұмысы туралы сандық деректері бар кестелер құрайды. Кестелер қосымшада орналастырылады. Қосымшаның 1-бөлігінде ҚР Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ), «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы («РҒТК» АҚ) және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы («ҚТЖ» ҰК» АҚ) кітапханалары жұмысының негізгі көрсеткіш-тері бар кестелер орналастырылған.
«Шолуды» зерттеу жұмыстары мен педагогикалық үрдісте қолдануға болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана факультеттерінің оқытушы құрамы мен студенттеріне, статистикалық мекеме қызметкерлеріне, кітапхана ісіне қызығушылық танытатындарға арналған.