+7 (727) 267-28-83

1

18 ақпанда, Н. Дәулетова атындағы залда 2021 жылдың аяғында Алматыда жарық көрген «Мезгіл әуендері» жыр жинағының тұсаукесері онлайн және офлайында өтті.

Кітап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту ретінде құрастырылды.

Іс шараның мақсаты – кітап авторларының есімдерін оқырман қауымға таныстыра отырып, тәуелсіздіктің отыз жылында қазақ жырының көкжиегі кеңейе түскеніне назар аударту.

Тұсаукесерді ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің және «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан жүргізді.

Жинақты, оны құрастырып шығарушы «Molia & DOS» ЖШС баспа-баспахана кешені директоры, жазушы, баспагер Баян Болатханова таныстырды.

Іс-шарада: Ә.Искаков, Қ.Жарқынбаева, А.Рүстемова, Ж.Ералиева, А.Имантаева, Е.Нұрбай, Ү.Нұрмұхан, Ә.Әбдіманапұлы, Н.Маулина, Ш. Қали, Қ. Анарбекова, З.Абажанов, Г.Қасен сөз сөйлеп, өлеңдерін оқыды.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа кітап сыйға тартылды және қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, жинақ авторлары, студенттер және баспа ұжымы.

12   123
1234   1235