+7 (727) 267-28-83

903

9 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залында «Оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі 1-курс студенттерінің қатысуымен «Абай жолы романына 80 жыл» атты әдеби іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты - қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтың 125 жылдығына орай  «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен қоғамдағы рөлін, мақсатын таныстыру, талқылау.

Іс-шара барысында шығармадағы кейіпкерлер туралы қызықты пікір-таластар туындап, оқырмандардың ойлары ортаға салынды. М.Әуезов «Абай жолы» романында қазақ халқының ұлылығын, тарихын айта келе, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірін әлемге паш етті.

Колледж студенттері Ақжолова Анель, Иманәлі Ботагоз, Халидоллина Нұрай, Кульниязова Перизат, Сәрсенбек Ақниет, Анесова Аружан роман кейіпкерлеріне жеке-жеке тоқталып, қызу талқылады.

Іс-шарада мерзімді басылымдар қызметінің топ жетекшісі М.Утебаева сөз сөйлеп, өзін-өзі тәрбиелеудегі және кітап оқудағы маңызды рөлге, әдебиеттің құндылығына тоқталды. Шараның ең белсенді қатысушыларына кітаптар сыйға тартылды.

309   3099
30999   309999