+7 (727) 267-28-83

флора2022 жылғы 17 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасы Каталогизатор мектебі жұмысы аясында Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және аудандық кітапхана мамандарымен  онлайн-семинар өтті.

Ақпараттық ресурстар қызметінің библиографтары WEB-RABIS бағдарламасындағы "Каталогизатор" модулінде құжаттарды каталогтау және жүйелеу, электрондық және мерзімді басылымдардың аналитикалық жазбасын түзу, библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру бойынша онлайн мастер-класс өткізді. Қазақстандық Корпоративтік каталогтау орталығының (КЦКК) жұмысы бойынша кеңес берді.

Қорларды қабылдау, бақылау және толықтыру қызметінің мамандары «Кітап қорын толықтыру» модулінде есеп және кітап қорын ұйымдастыру бойынша сабақ өткізді.

ҚР Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік орталық бола отырып, көпшілік кітапхана мамандарын Каталогизатор және Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебіне шақырады.

Жамбыл облысының кітапханашылары ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлеріне алғыс білдірді.