24-25 наурыз күндері ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебі жұмысы аясында С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының библиографтары Анар Байзакова мен Жадыра Есимова іс-тәжірибелік және әдістемелік тағылымдамадан өтті.
Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары «Каталогизатор» модулінде құжаттарды ғылыми өңдеу және индекстеу, мерзімді басылымдардың аналитикалық тізімін жасау, библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді.
Сондай-ақ, Ұлттық библиография қызметінің мамандары ұсыныстық және ретроспективтік библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру барысымен және «АПУ және классификатор» анықтамалығындағы ақпараттармен бөлісті.
![]() |
![]() |