+7 (727) 267-28-83

img100967Қазақстан Республикасының 2022 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2022 год / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева, Б.Ж. Жүнісбеков ; құраст.: Г.Т. Алакушукова, Б.С. Балғымбаева, Л.Қ. Қалмағамбетова. – Алматы, 2021. – 252 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

                                         АЛҒЫ СӨЗ

«Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі» 1966 жылдан бастап жыл сайын  қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан  жекелеген  ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген.

Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер, мекемелер мен тарихи оқиғалар тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде, негізінен, соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген.

Атаулы күндер «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мере-келеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж.    28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес ереже бойынша алынды.

Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

Күнтізбені «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Қазпошта» каталогтары бойынша жаздырып алуға болады. Ұлттық биб-лиография қызметінің телефоны: +7(727)267-28-63.

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.