+7 (727) 267-28-83

2702

Кітапты жарыққа шығарудағы басты мақсат – Қазақстанның көне шаһарларының бірі ― Орал қаласының тарихын, оның дамуы мен өркендеу жолдарын зерделеу. Туынды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жарық көрді.

Аталған туындыда ежелгі тас дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі Орал қаласының тарихы қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде баяндалады.

«Орал қаласының тарихы» кітабы – жаңа технологиялар қолданылған интерактивті кітап. Оқырманға қызықты болу үшін кітап суреттерін арнайы енгізілген мобильді қосымша арқылы көре аламыз. Аталмыш форматта жасалған еліміздің Батыс өңіріндегі тұңғыш кітаптың медиамазмұнымен электронды гаджеттер арқылы, арнайы енгізілген QR-код көмегімен танысуға болады. Кітапқа шаһар тарихының ежелгі кезеңінен бүгінге дейінгі аралықтағы мол мәліметтер енгізілген.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: тарих ғылымдарының докторы, профессор, редакция алқасының төрағасы Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы, Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, «Liver» баспасының директоры Әнесов Орынбек Сайлауұлы, «Torus.kz» компаниясының бас директоры Ғабдуллаев Дәурен Ғарипұлы, белгілі суретші-дизайнер, «Балалар әдебиеті» баспасының бас директоры Байменова Шайзада, редакция алқасының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы, журналист, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепберген.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Тұяқбай Рысбеков, Кұндыз Нупов, Айсұлу Қыдырбаева, Талғат Нұрғожин.

Іс-шарада Орал қаласы әкімінің орынбасары Нұржанов Мирболат Сағынғалиұлы қорытынды сөз сөйлеп, Бақытжамал Қайырбекқызына, Ғарифолла Қабдолхайырұлына және Орынбек Сайлауұлына облыс әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, «Орал қаласының тарихы» атты ақпараттық интерактивті кітабын ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты.

Шарада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы Армат Исламғалиев халық әні «Ақ жайық» әнін және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әртісі Ақылбек Бектасов Құрманғазының «Төремұрат» күйін орындады.

Сонымен қатар шара барысында «Ақжайық қаламгерлерінің кітапханасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге батыс өңірінен шыққан қаламгерлердің әр жылдары жарық көрген кітаптары қойылды.

Қонақтар: ақын-жазушылар, журналисттер мен баспагерлер, Алматы қаласы мен Алматы облысының кітапханашылары, өнер адамдары, студент жастар мен оқырмандар.

 

278477904 4892828934147858 4231983257865167117 n   278568460 4892828700814548 182497738768829022 n 1   278486925 4892828594147892 3644156456550358368 n
278489064 4892828574147894 1475127432632799835 n   278493120 4892828847481200 4146131988007501226 n   278501946 4892828740814544 7531538922813759426 n