11 мамырда Дін және дәстүр залында белгілі жырау, мәдениет қайраткері Сүйіндік Серіктің Жетісудың жыр өнерін дәріптеуге арналған «Өңірлік жыр мектебі – Ұлттық тәрбиенің тамыры» атты шығармашылық кездесуі өтті.
Серік Сүйіндік Райымбек ауданы, Текес өнер мектебінде дәстүрлі жыр сыныбында дәріс беріп, бірнеше жыл балаларды жыршылық өнерге тәрбиелеп жүрген ұстаз. Сонымен қатар ол аудандық мәдениет бөлімінде де қызмет етеді. Аймақтағы аты аңызға айналған Көдек ақын, Бөлтірік Атыханұлы, Құланаяқ Құлманбет, Сары Шуаш сынды белгілі ақын-жыраулар өнерін дәріптеп, сол мектепті жаңғыртуға үлкен үлес қосып жүр. Алматы облысын аралап өткізіп жүрген семинар-сабақтары сол мақсатқа арналған. Әр ауданнан жыршылық өнерге бейімді өнерпаздарды жинап, шәкірт тауып, баулуда.
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Қарабаев Құрмет ашты.
Кешті Сүйіндік Серік өзі бастаған жобаның мақсатын айтып, оқу бағдарламасын таныстырып, осы шығармашылық сапардың болашақ жоспарымен таныстырып жүргізді.
Шарада әнші, композитор, Мәдениет ісінің үздігі, Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің директоры Арайлым Мымырбекқызы, Кеген аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Байбала Нұрым, дәстүрлі әнші, Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Қали Ұлан, «Қарадала» Ұйғыр аудандық мәдениет үйінің «Жазерке» халықтық ұлт-аспаптар ансамблінің дәстүрлі әншісі Жанаргүл Ашимова Жетісу ақын-жырауларының жыр-термелерінен үзінді орындады.
Сөз сөйлеген қонақтар: режиссер, сатирик, «Терісқақпай» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Асқар Наймантаев, ақын, Президент сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ және Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы, журналист, «Ақиқат» журналы Бас редакторының орынбасары Дина Имамбаева, журналист Алтынай Тұрдыбекқызы.
Қатысушылар: ақын-жазушылар, Райымбек, Кеген, Ұйғыр ауданы, Еңбекшіқазақ ауданының жыршылары, Ақтөбе облысының кітапхана-шылары, БАҚ өкілдері және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |