10-13 мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ақтөбе облысы кітапханаларының қызметкерлері пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету, библиографиялық көрсеткіштер мен дерекқорларды қалыптастыру, «Web-RABIS» бағдарламасының модульдерін пайдалану бойынша тәжірибелік оқытудан және тағылымдамадан өтіп, сертификаттар алды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ақтөбелік мамандарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кітапханашылар Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын айтып, өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға тілек білдірді. Болашақта Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы кітапханаларының басқа да қызметкерлері тағылымдамадан өтуге қызығушылық танытуда.