17 мамырда Р.Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында жазушы, ақын, юморист, әдебиеттанушы, суретші Жұмат Әнесұлының «Тарихи хикаяттар, әңгімелер, өлең-жырлар әзіл қалжыңдар» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Жұмат Әнесұлы орта ғасырдағы қазақ тарихы туралы елге белгілі болған еңбектерімен қатар «Мақтанышы елімнің», «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға», «Жұматтың ғазелдері мен әзілдері», Алаш партиясы мен Алашорданың құрылуының тарихын сипаттайтын «Алаш туын көтергендер» атты және т.б. кітаптардың авторы.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қарабаев Құрмет ашып, жүргізді.
Сөз сөйлеген қонақтар: су шаруашылығы министрлігінің экс министрі Нариман Қыпшақбаев, А.Байтұрсынұлының ағасы Ақтастың немересі Амандық Шәймерденұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лаураты, «Балбұлақ» журналының бас редакторы Мағира Қожахметова, белгілі ақын Аян Нысаналин, А.Байтұрсыновтың туған жиені, заң ғылымдарының докторы, профессор Қасым Мәуленов, А.Байтұрсыновтың немере інісі Болат Назаров және т.б.
Шарада күйші, ақын Талап Қараш Ахмет Байтұрсынұлына арналған авторлық күйін орындады.
Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, кітапхана-шылар мен журналистер қауымы және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |