18 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының ұйымдастыруымен өткен волейболдан ҚР Мәдениет және спорт министрінің кубогына арналған турнирге қатысты.
Турнирге министрлікке қарасты мәдени мекемелерден 9 құрама команда қатысып, өзара сайысқа түсті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының командасы аталмыш турнирде жүлделі III - орынды иеленді.
ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымы турнирге қатысқан әріптестерімізді жүлделі жеңіспен құттықтайды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |