23 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына тарихшы Қалтай Нұрқалбайұлы «Қадырғали би Жалайыр қазақ тарихының Геродоты», «Қазақ тарихының көшбасшысы», «Қазақ тарихының атасы» атты кітаптарын және «Қадырғали би Жалайыр қазақ тарихының Геродоты» библиографиялық көрсеткішін сыйға тартты.
Сыйға берілген құнды кітаптарда қазақ халқының орта ғасырлық ғұлама тарихшысы, атақты биі Қадырғали Жалайырдың қазақ ғылымына қосқан үлкен еңбектері мен зерттеулері топтастырылған.
Кітап тарихшыларға, ұстаздарға, студенттерге, оқушыларға арналған.
![]() |
![]() |