+7 (727) 267-28-83

 DSC43601 маусымда Қазақстанда жарияланған «2022 жыл - Балалар жылы» аясында және Әдебиет академиясы залының жұмысы форматында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне - А.Ниязова-Белованың «Лисёнок Рыжик и тайна хорошего дня» кітабы желісімен квест-оқиғасы бойынша  мерекелік шара өтті.

Мерекенің жүргізушісі және басты кейіпкер балалар жазушысы, педагог, 6 кітаптың авторы - Ниязова-Белова Агата Георгиевна. Автордың кітаптары мен шеберлік сыныптары баланың тұлға ретінде өсуіне және дамуына, өзін түсініп, жеке басына сенімділік пен өзгенің жанын түйсінетін сезімтал қасиеттерін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Көңілді мерекеге 3-10 жас аралығындағы 73 бала мен олардың ата-аналары қатысты. Барлық балалар «Лисёнок Рыжик и тайна хорошего дня» кітабына негізделген квест-шытырман оқиғаға белсене атсалысып, автордың кітабын жарқын және эмоционалды оқыды, кітап кейіпкерімен детективті зерттеу ойнап, флешмоб биледі.

Іс-шара Ұлттық кітапхананың Кәсіподақ комитетінің жәрдемдесуімен өтті.

Қуанышты шараға «Ойын» актерлік мектебінің оқушылары, кітапхана қызметкерлерінің балалары, сондай-ақ Алматы қаласындағы №53 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары келді.

 DSC4321    DSC4326   20220601 120021 mfnr