+7 (727) 267-28-83

WhatsApp Image 2022 06 07 at 17.05.54 1 1

7 маусымда Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында Шығыс әдебиеті  баспа компаниясымен бірлесіп «Аударма ісінің қыр-сыры»  атты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты - аударма шеберлігін ашу, негізгі дереккөзден аудару мәселелері.

Шара аясында «Көршілес» журналының тұсаукесері өтті, «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясының директоры Жеңіс Омаров компанияның қызметі, басылымдар, аударма әдебиеті туралы әңгімелесе, аударма бөлімінің жетекшісі Жасар Ахметұлы аударманың қыр-сырына тоқталып, негізгі дереккөзден аударма жасаудың қиындығы туралы  сөз қозғады. Қатысушылар: аудармашы Арай Жұмагелді және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Аударма ісі» факультетінің 2 курс, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  3 курс студенттері.  Еркін форматта өткен іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтыратын сауалдарын қойып, аударма және транскрипциялар туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, анықтамалық әдебиеттер, сөздіктер, аударма ісі туралы оқулықтар қажет  екендігі жөнінде ұсыныстар айтылды.

IMG 1107   IMG 1112    DSC0128