+7 (727) 267-28-83

287049394 5047019945395422 1206681544011328713 n8 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының «Дін және дәстүр» залында «Дін  мен дәстүр —  егіз ұғым» атты форум өтті.

Форумның мақсаты — той-жиынның дініміз бен дәстүрімізді дәріптеудің орайлы сәті екенін ескере келе, еліміздегі барша той жүргізуші азаматтарды, той иелері мен халықты бірлік пен ізгілікке шақыра отырып, жұрт жиналатын жиындарды салт-дәстүрімізбен үйлестіріп, адамға ой салар бағдарламамен, ғибратты етіп өткізуді көздейді.

Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының наиб мүфтиі Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жүргізді.

Сөз сөйлген қонақтар: жазушы, «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев; белгілі театр және кино артисі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов; Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты, актер Асылбек Боранбай; белгілі театр және кино артисі Әділжан Шомбалов; «Өнер қырандары» театрының директоры, актер Мадияр Серікбаев; Қазақ радиосының ардагер дикторы Аманжан Еңсебаев; белгілі журналист Жарылқасын Дәулет, айтыскер ақын Болатбек Оразбаев және т.б.

Форум аясында Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби Дәділұлы қорытынды сөз сөйлеп, еліміздегі барша асабаларға үндеу жасады.

Қатысушылар: мәдениет және өнер қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, әншілер, танымал асабалар және БАҚ өкілдері.