+7 (727) 267-28-83

16июня

16 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі қоғам қайраткері, ақын, прозашы, аудармашы Амантай Ахетовтың «Я пришел в ликующий май» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Халықаралық Қазақ ПЕН-клубы мен ҚР БҒМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.

Биыл А.Қ. Ахетов 75 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ұзақ жылдарын журналистикаға арнаған А.Қ. Ахетов Көкшетау облысының аудандық, «Азия дауысы», «Республика-2000», «Правда Казахстана» атты республикалық газеттердің редакцияларын басқарды. Он бес жылдан астам ҚазКСР мемлекеттік комиссиясында және баспасөз министрлігінде, ҚР МАСМ жауапты қызметтерді атқарды. Қазіргі уақытта М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарады.

Шараны Қазақ халықаралық ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин жүргізді және А. Ахетовке Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының М. Жұмабаев атындағы алтын медалін тапсырды.

Сөз сөйлегендер: прозашы Үміт Тәжікенова, Айбын Жабыгин,  жазушы, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбай, жазушы Мағира Қожахметова, филология ғылымдарының  кандидаты, М.О. Әуезов  атындағы  Әдебиет және өнер  ннститутының  бөлім  меңгерушісі Ананьева Светлана Викторовна және т.б.

Шара соңында кітаптың авторы А. Ахетов сөз сөйлеп, жаңа кітаптар ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тартылды.

Іс-шараға ақындар, жазушылар, журналистер, әдебиеттанушылар, кітапханашылар және т.б. қатысты.

16июняяя   16июняяяя