16 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына Ресейдің Алматы қаласындағы консулы Т.В. Барышникова мен Шетелдік орыс мұрасы қорының өкілі А.Глазырин келді.
Сапар мақсаты – Ресей кітап бұрышының қызметімен танысу және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық шеңберінде бірлескен іс-шара өткізуді талқылау.
Сондай-ақ, жалпы кітапхана бойынша және Әлем әдебиеті залында орналасқан шет елдердің кітап бұрыштарымен таныстыру экскурсиясы жүргізілді.
![]() |
![]() |