+7 (727) 267-28-83

286690120 5070072123090204 5642871697203364019 n2022 жылғы 17 маусым, сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының «Ұйқыдағы арудың оянуы» кітабының желісі бойынша түсірілген арнайы қойылымдары бар, толықметражды тарихи деректі фильмі көрсетілді.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, аталмыш фильмнің продюссері Оралбек Сарыбасов сөз сөйледі.

Киелі  Маңғыстау өлкесінің тарихын зерттеп, нақты деректерге сүйене отырып, аса мол қазба байлықтары мен географиялық орнының маңыздылығын, аңыздар мен оқиғаларды Әбіш Кекілбайұлы  кітап жүзінде қалдырды. Ұлы дананың  «Ұйқыдағы арудың оянуы» кітабының желісі бойынша "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында түсірілген осы толықметражды деректі фильм жастардың сауатын ашып, түпкі деректемеге, яғни кітапқа қызығушылықтарын оятуға септігін тигізеді.

«Ұйқыдағы арудың оянуы» деректі фильмінде Маңғыстау өлкесінің табиғаты, тарихи ескерткіштері, сауда жолдары, 60 шақты объектінің барлығы RAW (роу)  форматта түсіріліп, архив деректері, академиктер мен археологтардың, тарихшылардың, саяхатшылардың зерттеулері  арқылы жасалды.

2021 жылдың 12 қыркүйегінде Үндістанда өткен 9-шы Халықаралық кинофестивальда «Ұйқыдағы арудың оянуы» шығармасы 40 мемлекеттің арасында сынға түсіп, үздік деп танылды. Продюссері Оралбек Сарыбасов, қоюшы-режиссері Ақбөбек Тулжан, үздік қоюшы-оператор номинациясын Айдос Тұртаев жеңіп алды.

Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, журналистер қауымы, кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары және т.б.

287311023 5070072103090206 2751891001463942556 n   288764172 5070072843090132 2375059125700013778 n   289009509 5070072279756855 3047851040947505424 n