10 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залы форматында 10-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.
Бұл курсты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Freedom Finance холдингі әзірледі – бұл «Freedom Finance Camp» балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру лагері.
Лагерьдің мақсаты – балаларға ақшаның не екенін, оның айналымын қалай жүргізу туралы, ақша табуды, үнемдеуді және тиімді жұмсауды қарапайым және түсінікті түрде түсіндіру. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары қор нарығы, бағалы қағаздар, сақтандыру, банктер және жылжымайтын мүлік дегеннің не екенінен ақпарат алады. Курс шығармашылық форматта және интерактивті ойындар арқылы өткізіледі.
Бірінші сабақта балалар ақшаның тарихы, әртүрлі елдердің валюталары жоспарлау, шығыстар мен кірістер, т.б. туралы ақпарат алды. Балалар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жауап берді.
![]() |
![]() |