16 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында «Тұлға боламын» атты Республикалық кітап оқу сайысының қорытынды кеші өтті.
«Шұғыла» қоры мен «Дария» дамыту орталығының жетекшілігімен және де демеуші компаниялардың қолдауымен «Тұлға болам-3» кітап оқу сайысы ұйымдастырылған болатын. Байқауға 4 оқушылар және 1 ересектер тобы қатысып, 120 000 қатысушының ішінен ең үздіктері іріктеліп, жұлдызы жанғандар ғана жүлдегер болды. Əр топтың кітабы мен жүлдесі әр түрлі. Сайыстың ережесі бойынша, қатысушылар қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті классиктерінің кітаптарын оқудан жарысады. Олардың әрқайсысы 3 кезеңде 3 кітапты оқып бітіруі тиіс. Әр кезеңнің соңында кітап бойынша онлайн тест тапсыру арқылы үміткерлер анықталды.
Кешті әнші Ержан Смағұлов жүргізді.
Іс-шарада Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы, ақын, журналист, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан Өміржанұлы, Dacomotors Kazakhstan компаниясының құрылтайшысы, Шұғыла қорының қамқорлық кеңес мүшесі, кәсіпкер демеуші Сырымбек Тау, демеушілер: Қараев Рүстем Жауымбайұлы, Жақсымбетов Жасұлан Жарқынатұлы, Жанықұлов Жұмабек Есілбекұлы, Тапишев Азат Қалиоллаұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды марапаттау рәсіміне қатысты.
Шара барысында жеңімпаздарға: Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch, велосипед, 350 000 теңге, 500 000 теңге жəне басқа да бағалы сыйлықтар табысталды. Байқауға қатысушылар мен шараның құрметті қонақтары: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен шараның жоғарыда аталған демеушілері бағалы сыйлықтар және арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шараға зиялы қауым, әдебиеттанушылар мен БАҚ өкілдері, мектеп ұстаздары мен шәкірттері, кітапханашылар, жеңімпаз жанұялар қатысты.