1 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында және 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы» және «Тіл тағдыры - ел тағдыры» атты тақырыпта жастармен кездесу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты ─ жас мамандардың білімге, ана тіліне, ел тарихы мен көрнекті қайраткерлеріне деген танымдық қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке баулу, тұлғалық деңгейлерін жан-жақты дамыту.
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашып, қонақтарға сөз берді.
Спикерлер: Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл–құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ахметтанушы Имаханбет Райхан Сахыбекқызы және филология ғылымдарының докторы Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы.
Шара барысында қатысушылар мен қонақтар мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын тыңдады.
Шара аясында Райхан Имаханбеттің Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазған «Ғасыр саңлағы» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітаптың тұсауын Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Айхан Құдайбергенқызы, Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы кесті.
Қатысушылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары мен оқырмандары.
![]() |
![]() |