+7 (727) 267-28-83

2қыр

2 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының қорына белгілі сазгер, ақын, жазушы, Кеңестік сауда саласының үздігі, Алматы облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Жақыбаев Базархан Төреханұлы өзінің «Қыз ұясы», «Қош бол, махаббат», «Ел шығыстан ауғанда», «Жаркентте жеті өзен, жеті арасан», «Тұлпардың тағдыры», «Жесірдің күні» атты кітаптарының бірнеше данасын сыйға тартты.

Бұл кітаптарға  жазушының роман, деректі танымдық, тарихи  повестері енген. Қаламгердің барша кітап сүйер қауымға арнаған көркем тілді  шығармалары  оқырмандардың  ыстық  ықыласына ие болары сөзсіз.

ҚР Ұлттық кітапханасы Жақыбаев Базархан Төреханұлына алғысын білдіреді.