+7 (727) 267-28-83

фло

5-9 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының базасында құрылған Каталогизатор мектебінде Атырау облысы көпшілік кітапханаларының қызметкерлері тәжірибелік оқытудан өтті.

Тыңдаушылар библиографиялық жазбаларды құрастыру ережелерін реттейтін халықаралық және ұлттық құжаттармен, сонымен қатар каталогтаудың негізгі ережелерімен танысты. Тәжірибелік сабақтарда музыкалық, картографиялық, көрнекі құжаттарды, диссертацияларды, авторефераттарды және электронды ресурстарды, күрделі құжаттарды каталогтау мәселелері қарастырылды. Оқыту отандық «Web-RABIS» бағдарламасының 5 модулі: «Каталогизатор», «Қорды қабылдап алу, толықтыру», «Іздеу және тапсырыс беру», «Құжаттарды беру», «Оқырмандарды тіркеу» бойынша жүргізілді.

Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары мерзімді басылымдар мен жинақтар материалдарын іріктеу және талдау библиографиясы бойынша дәріс оқып, тәжірибелік сабақ өткізді.

Тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құрылымдық бөлімшелерімен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова тыңдаушыларға тәжірибелік курсты аяқтағаны туралы Сертификаттар табыс етті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы біліктілігін арттыру мақсатында құжаттарды каталогтаумен айналысатын барлық мамандарды Каталогизатор мектебіне және Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебіне оқуға шақырады.

фло2