+7 (727) 267-28-83

БАйтурсынов

С. Зиманов атындағы диссертациялар залында қазақ ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.

Ахмет Байтұрсынұлы – мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық әдебиеттің реформаторы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, 20 ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық «Алаш»  қозғалысы жетекшілерінің бірі.

Тосын болысының Торғай уезінде дүниеге келген. Ахмет туған ауылының молдаларынан, 1886 жылы Торғайдағы екі жылдық орыс-қазақ мектебінен білім алды. Кейін, Орынбордағы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің төрт жылдық мұғалімдер мектебінде білімін жалғастырады. 1895-1909 жж. Ақтөбе, Қостанай қалаларындағы орыс-қазақ мектептерінде мұғалім, Қарқаралыдағы қалалық мектепті басқарды.

А.Байтұрсынұлының саяси қызметі 1905 жылдан басталды. Қарқаралыдағы петиция авторларының бірі. Онда жергілікті басқару мәселелері; сот; халыққа білім беру жүйесіндегі өзгерістер; ар-ождан және дін бостандығы; жаңа заңдарды қабылдау мәселелер көтерілді. Қазақ грамматикасын анықтау үшін ғылыми терминология әзірледі. 1913 жылы Бірінші Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Ә.Бөкейхановпен, жазушы М.Дулатовпен бірігіп Орынборда «Қазақ» газетін ашты. Газет 1918 жылға дейін жұмыс істеді. Басты ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымға айналды. 1917 жылы Орынборда өткен екі Бүкілқырғыз (Бүкілқазақ) съезінде «Алаш» партиясын құруға қатысып, Алаш-Орда үкіметін ұйымдастырушылардың және жетекшілерінің бірі болды.  Ана тілі бойынша оқу-әдістемелік құралдар, оқу бағдарламалары жүйесіне арналған оқулықтар, 1920 жылдары бірнеше басылымнан өткен «Әліппе» безендірілген оқулығын жасады.

Көрмеге қазақстандық ғалымдардың диссертациялары қойылған: филология - У.О.  Еркінбаев «Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде»; тарих - Г.М. Тұрғараева «Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саясаты және мемлекеттік қызмет (1872-1973)»; философия - К.Н. Әшекеева «Ахмет Байтұрсыновтың философиясы көзқарастары»; педагогика - Қ.Т. Ыбырайымжанов «Ахмет Байтұрсыновтың бастауыш мектеп жайлы педагогикалық мұралары»; филология - Ә.Т. Ойсылбай «Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышындағы» сөз өнері мен поэтика мәселелері» және т.б. 

Құжаттар ашық қолжетімділік негізде ұсынылған.

Ғылыми қызметкерлер мен магистранттарды және PhD докторанттарды көрмемен танысуға шақырамыз.