+7 (727) 267-28-83

Қызмет жетекшісі: 

Сыдықжанова Флора Өскенбайқызы

Байланыс тел.: +7(727) 267-28-76, +7 705 422 47 36

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Ақпараттық ресурстар қызметі ағымдағы келіп түскен құжаттардан  ҚР Ұлттық кітапханасының  электрондық ақпараттық-библиографиялық ресурстар қорын түзеді.  Кітапхана қорына жыл сайын түсіп жатқан   дәстүрлі және дәстүрлі емес ақпарат тасушы құралдарда басылып шыққан 10000 құжатты ғылыми сипаттап, 400 аталым жинақтардан, 2200 дана журнал және 4500 дана  газеттерден алынған мақалалардың аналитикалық сипатталған библиографиялық жазбаларын Ұлттық кітапхананың электрондық каталогтарына енгізеді. Электрондық каталогтар жылына шамамен 58000 жаңа библиографиялық  жазбалармен толықтырылады.

 

Қызмет құрылымы:

-Ұлттық әдебиеттерді өңдеу тобы;

-Библиографиялық жазбаларға редакция жасау тобы;

-Шетел әдебиеттерін өңдеу тобы;

-Мерзімді басылымдарды өңдеу тобы;

-Аналитикалық жазбаларды түзу тобы;

 

Қызметтің негізгі міндеттері:

- ҚР Ұлттық кітапханасының электрондық каталогтарын жоғары сапалы библиографиялық және аналитикалық сипаттамаларына қол жеткізу;

- Қазақ, латын әліпбиіндегі қазақ, орыс және шетел тілдерінде ағымдағы библиографиялау және библиографиялық деректер қорын жүргізу;

- Қазақстандық корпоративтік каталогтау орталығының қызметін қолдау;

- Республикалық және халықаралық деңгейдегі билиографиялық ақпаратпен кітапханааралық алмасу;

- Каталогизатор мектебінде оқу-үйрету курстарын өткізу;

- Қызмет бағытына байланысты құжаттар мен әдістемелік құралдарды дайындау;

 

Қызметтің ақпараттық өнімдері:

- «Қазақстан кітаптары» ЭК(қазақстандық әдебиет);

- «Әлем тілдеріндегі басылымдар» ЭК;

- «Диссертациялар» ЭК;

- «Авторефераттар» ЭК;

- «Басқа ЭК» (орыс және ТМД елдерінің тілдеріндегі кітаптар);

- «Казахстан: прошлое и настоящее» ЭК (орыс тіліндегі мақалалар);

- «Қазақстан: өткені мен бүгіні» ЭК(қазақ тіліндегі мақалалар және латын жазуымен);

- «Қазақстан: шет тілдерінде» ЭК (ағылшын тіліндегі мақалалар).

 

Қызметтің басылымдары:

«Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер» (ағымдағы мақалалардың библиографиялық көрсеткіші, жылына 2 шығарылым);

«Қазақстан: өткені мен бүгіні» атты библиографиялық дерекқорға мерзімді басылымдар мен жинақтардан ақпарат іріктеу және библиографиялау туралы, кітапхана саласындағы мамандарға арналған әдістемелік құрал (қазақ және орыс тілдерінде).- Алматы, 2014.

«Ұлттық басылымдарды ғылыми өңдеу ерекшеліктері» әдістемелік құрал.- Алматы, 2019.

 

Ақылы қызмет:

 - Ғылыми мақалалар, авторефераттар мен диссертацияларға УДК индекстерін қойып беру.

 

 Каталогизатор мектебі:

Каталогизатор мектебі Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы базасында құрылған. Мектеп – кітапхана жұмысының әдістемелік бағыттарының бірі болып табылады, ол ресурстарды машинамен оқитын каталогтаумен айналысатын кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.