+7 (727) 267-28-83

гул

13-14 қыркүйекте Ресей кітап одағы ТМД елдерінің қатысушылары үшін Достастықтың ІІ Оқырмандық Ассамблеясын өткізді, онда кітап шығару саласы бойынша елдердегі жағдайлар талқыланып, үздік тәжірибелер  анықталды, кітап индустриясын дамыту бойынша бірлескен жұмыс нұсқалары ұсынылды.

Ассамблеяда «Білім беру контуры және кітапханалар» секциясының сарапшысы ретінде «Қорларды қабылдап алу, бақылау және толықтыру» қызметінің топ жетекшісі Смағұлова Гүлмира Байжұмақызы қатысып, «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құжаттық мұраны сақтау саласындағы халықаралық кәсіби тәжірибе алмасуы»  тақырыбында баяндама жасады.

Ассамблеяға мемлекеттік билік мекмелерінің, қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың мамандары (баспагерлер, кітап сатушылар және т.б.), Ресей мен ТМД елдерінің жазушылары, сонымен қатар қызметі әдебиетпен, кітаппен және біліммен байланысты мамандар қатысты.

3c3f43e1 d279 4be0 918e f870a102a749   ccc4824e 7821 4f5e 8da8 582b5625b414   cf5ad674 6ef6 4fb3 81d4 d6e3c11ce30c