+7 (727) 267-28-83

Стивен

 Әлем әдебиеті оқу залында «Аңызға айналған «Қорқыныш патшасы» Стивен Кинг – 75  жаста» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Стивен Кинг - әлемге  әйгілі американдық жазушы, түрлі жанрларда, соның ішінде қорқыныш, триллер, фантастика, фэнтези, қиял, мистика, драма, детектив жанрларында жұмыс жасаған. Ол 1947 жылы 21 қыркүйекте АҚШ-тың Мэн штаты Портленд қаласында дүниеге келген. Кинг қарапайым бала болып өсті, кітаптар мен комикстерді оқуға құмар болды. 7 жасында Кейсидің оқиғалары туралы әңгіме жазды. 1967 жылы алғашқы кәсіби басылымның кезегі келді, ол Кингтің «Стеклянный пол» детективі. Ол кезде Стив орта мектепті бітіріп, Оронодағы Мэн штатындағы университетке оқуға түсіп, ағылшын тілі мен риториканы үйренді.

Стивен Кинг – құбыжық қаһармандар мен қорқынышты оқиғалардан бүкіл әлемді үрейлендірген алғашқы авторлардың бірі. Бүкіл Американы дүр сілкіндірген алғашқы күрделі романы «Керри», «Оно», «Сияние», «Зеленая миля» және т.б. кітаптары қорқынышты жанрдың жанкүйерлері үшін табынушылық сүйіктілеріне айналды. Стивен Кинг көптеген кітаптарды шығарды: 60 роман, оның ішінде 7-і «Ричард Бахман» лақап атымен және 5 танымал-ғылыми кітап, 200 әңгіме, олардың көпшілігі тоғыз авторлық жинақта жинақталған. Жазушы Стивен Кинг - кино және әдебиет тарихындағы ең көп түсірілген авторлардың бірі. 1998 жылы Стивен Кинг сол жылдардағы ең танымал сериалдардың бірі – Джиллиан Андерсон мен Дэвид Духовный өзінің жұлдызды рөлдерін сомдаған. «Секретные материалы» жобасының сценарисі болды.  1976 жылдан бастап барлығы 61 фильм, 16 мини-сериал және 7 сериал түсірілді.  Олардың ішінде: «Зеленая миля»  (1999),  «Побег из Шоушенка» (1994) және т.б.      

Өзінің шығармашылығы үшін Кинг Британдық фантастикалық қоғамның марапаты Брэм Стокер сыйлығын (2014) алды. Оның «Человек в чёрном костюме» (1995) повесі О.Генри сыйлығын жеңіп алды. 2003 жылы Ұлттық кітап қоры оны Америка әдебиетіне қосқан үлесі үшін медалімен марапаттады. Ол, сондай-ақ бүкіл мансабында әдебиетке қосқан үлесі үшін марапаттарға ие болды, мысалы - «За вклад в мировое Фэнтези» (2004 г.), Канадалық кітап сатушылар қауымдастығы (2007) және американдық мистика жазушыларынан (2007) Ұлы Магистр атағын алды. 2014 жылы ол АҚШ-тың өнер саласындағы «адам табиғатын талдауда тартымды оқиғаларды біріктіргені үшін» сипатындағы ұлттық медалі мен марапатталды».      

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан автордың шығармалары мен ол туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі әдебиеттер ұсынылған: «11/22/63», «Мистер Мерседес», «Зелёная Миля», «Чужак», «Кладбище домашних животных», «Тёмная Башня», «Мизери», «Мёртвая зона», «Лангольеры», «Талисман» және т.б. 

                                Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!