21 қыркүйекте Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет қайраткері А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Арнайы кітапханалар және Байтұрсынов әлемі» тақырыбында республиканың арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының ІV Слетінің ашылуы өтті.
Слетке ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Б.Қ.Оспанова, директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасры А.Х.Юсупова, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетовалар қатысты.
Оспанова Б.Қ. құттықтау сөз сөйлеп, Астана қаласындағы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана басшысы Нұрланов Ғалым Адайұлын Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |