+7 (727) 267-28-83

аклащш вриа

23 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің 30 жылдығына және «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының 20 жылдығына арналған «Қазақстан баспасөзі: бүгіні мен ертеңі» атты конференция өтті.

Тәуелсіздіктің құрдасы болған халықаралық қоғамдық-саяси газеттің алғашқы атауы "ZAMAN-Қазақстан" болды. Газеттің алғашқы саны 1992 жылы 17 қаңтарда жарық көрді. Содан бері газет ел және әлем жаңалықтарымен таныстырып, өзекті саяси және ағартушылық мақалалар жариялап келеді.

"Мөлдір бұлақ" балалар журналына 2022 жылы 20 жыл толады. Журналда балалардың әңгімелері мен әдеби шығармашылығы жарияланады.

Аталған іс–шара ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен "KitapTime-2022" кітап фестивалі форматында өтті.

Модератор "ЗАҢ "Медиа-корпорациясы" ЖШС президенті Досымбек Өтеғалиев болды.

"Qazaqstan dauiri" газеті мен "Мөлдір бұлақ" журналының бас директоры Сәуле Мешітбайқызы конференция қонақтарына ерекше алғыс білдірді.

Іс-шарада журналист, жазушы, "Президент және Халық" республикалық газетінің бас редакторы, профессор Марат Тоқашбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов, қоғам қайраткері Дос Көшім, "Арыс" қорының директоры Ғарифолла Әнес, "Qazaqstan dauiri" газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, "Астана ақшамы" газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай, "Қазақ газеттері" ЖШС-нің бас директоры Шәмшидин Паттеев, "Мөлдір бұлақ" журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы және т. б. сөз сөйледі.

Конференция аясында Сәуле Мешітбайқызының "Ұлт шырағы " және "Намыс қайрағы" кітаптарының тұсаукесері өтті.

Іс-шара соңында жаңа кітаптар ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тартылып, іс-шараға қатысушыларға табыс етілді.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан түрлі жылдардағы мерзімді басылымдар – "Qazaqstan dauiri" газеті мен "Мөлдір бұлақ" балалар журналының көрмесі ұйымдастырылды. Газеттің мерейтойлық нөмірлері, белгілі жазушылар, оқиғалар мен даталар туралы мақалалар, сондай-ақ "Qazaqstan dauiri" газетінің беттеріне жарияланған ҚР Ұлттық кітапханасы туралы мақалалар ұсынылды.

баспасс   баспасх   баспасөз